Тағылымы мол сырлы сұхбат

Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында Астана қаласы Гуманитарлық колледжі филология бөлімінің меңгерушісі және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының окытушылары  ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбаларын қалдырып, табанды еңбек етіп жүрген ақын, жазушылармен сырлы сұхбат өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын студент жастарға жазушы, драматург, ақындардың шығармаларына тереңінен бойлай отырып, сырласу, пікір алмасу және олардың ғибратты әңгімелерінен ой түйіндеу мақсатында өткен шарада жазушы, драматург, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық Франс Кафка сыйлығының иегері Төлен Әбдік, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, драматург, Серік Тұрғынбеков, жас кезінен «Бала махаббаты» әнімен көрермен жүрегінен орын алған, ел аузына ілінген халық ақыны, айтыскер Қонысбай Әбіл сынды ел жанашырлары  құрметті қонағымыз болды .

Жиынның алғы сөзін сөйлеген колледж директоры Әділхан Жүсіпов Шаймағанбетұлы зергерлі сөздің зерделі түйінін дәл айтатын әдебиет әлемінде қанат қағып, бүгінде өнер өлкесінің шығармашылық шыңын бағындырған алдыңғы толқын санатындағы ағалар мен студент жастардың сұхбат жүргізуі оларды шығармашылық тәрбиеге баулитындығын тілге тиек етіп, кездесуге келгендері үшін ыстық ықыласын жеткізді. Шара одан әрі келген қонақтардың өмірі мен өнеріне, шығармашылығы мен бағындырған шыңдары жайлы сұхбатқа ұласты.

Өз кезегінде Алаш қайраткерлері қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тарихы күймен жазылған, шежіресі шешендігімен өрілген, әлемі әнмен әспеттелген халық – Қазақ екендігін кеңінен әңгімелеп берді. Шапқан тұлпардың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын кең атырапты жерді мекендеген қазақ елі өнер десе ішкен асын жерге қойған, тарихы ел бастаған көсемдерге, сөз бастаған шешендерге кемде емес екендігін де айтып, қазақы қалыптағы өнерді һәм әдеби өнерді өшірмей ары қарай жаңғырту жастардың қолында екендігін баяндады.

Сұхбат барысында студент жастар келген қонақтарға кешкен өмірі мен жазған шығармалары туралы сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар 2 курс студентері Төреханов Сайд пен Абекенова Томирис ақындарға арнау арнап, ақын-жазушылардың шығармашылығынан өлеңдері мен монологтарын жатқа айтып, авторлардың қошеметіне бөленді. Сұхбат қатысқан қонақтар қонақтар ел ертеңі білімді жастардың қолында екендігін жете түсіндіріп, болашаққа жасаған әрбір жолының баянды болуына өз ақылдарымен баталарын берді.

2424

Жиын соңында келген қонақтарға естелік сый ретінде колледж студенттерінің қол өнер туныдылары табыс етіліп, естелік суретке түсті.

Астана қаласы Гуманитарлық

колледжінің қазақ  тілі мен

әдебиеті пәнінің оқытушысы

Кадралиев Алтай Амансейтұлы