«Педагогикалық кадрларды даярлаудағы білім беру мазмұнын жаңарту» атты республикалық семинар –кеңесі өтті

2019 жылдың 31 қаңтар 01 ақпан  аралығында Астана қаласы Гуманитарлық колледжі ҚР Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті, КММ «Білім беруді жаңғырту орталығы»,  ҰАҚ «Кәсіпқор» холдингі, «Бөбек» РҰҒПББСО, Алтынсарин атындағы ҰАҚ,  ТжББ  ұйымдарының қатысуымен педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыру туралы  «Педагогикалық кадрларды даярлаудағы білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында республикалық  семинар-кеңес өтті.

Семинардың басты мақсаты педагогикалық кадрларды дайындауды жүзеге асырудағы ТжКБ жүйесіне инновациялардың енгізілуін нақтылау.

31 қаңтар күні педагогикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалаврды енгізу ерекшеліктері, кәсіптік білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыруды енгізу, жаңартудағы педагогикалық практиканы ұйымдастыру, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша педагогикалық білім беруді жаңғырту мәселелері талқыланатын жоспарлы отырыс өтті.

2-ші  күні қатысушылар қазіргі редакцияға өзгерістер енгізуді талап ететін ережелер бойынша жұмыс істеді.

Республикалық семинар-кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық кадрларды даярлау мен педагогикалық қызметтің беделін арттыру үшін нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалынды.