Астана қаласы, «Алматы» ауданының әкімінің жиналысы

4 ақпан 2019 жыл, «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев аудандық басқармалар мен коммуналдық қызметтердің қатысуымен өткен апта сайынғы аппараттық жиналыста пешпен жылытылатын үйлерде төтенше жағдайларды ескерту жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізуді және жұмыс комиссиясын құруды тапсырды.
Жергілікті полиция қызметі ауданның ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп барлық алдын алу іс-шараларын бақылауға алуы қажет.

Аудан аумағын қардан және мұздан тазарту жұмыстарын қажетті деңгейде атқармаған мердігер ұйымдарына ұйғарым беру керек.

Әділбек Сәрсембаев жарықтандыру бойынша жұмыстарды атқаратын мердігер ұйымдарына жарықтандырылмаған аумақтарды тұрақты түрде зерттеп, ағымдағы жылғы жұмыс жоспарына енгізу үшін жарықтандырылмаған аулалар бойынша ақпараттарды алуға қызмет көрсететін ұйымдарды тарту қажет екендігін тапсырды.

Гуманитарлық колледждің қызметі туралы баяндамасымен колледж директоры Елдос Болатханұлы Нұрланов сөз сөйлеп, оқу орнының жетістіктерімен, сондай-ақ өзекті проблемаларымен бөлісті.
«Ағымдағы жыл Елбасымен жастар жылы болып жарияланды, осыған орай жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді аудан әкімі.
Осыған байланысты әкімдік базасында жастар кәсіпкерлік бастамалар орталығын құру жоспарлануда, орталықта жас кәсіпкерлерге, соның ішінде жоғары және орта арнайы оқу орындарының түлектеріне көмек көрсетілетін болады.