Астана Гуманитарлық колледжі әлеуметтік серіктестерінің XII қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2019 жылдың 1 наурызында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудағы жаңашылдық пен тәжірибе» атты  Астана Гуманитарлық колледжі әлеуметтік серіктестерінің XII қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Конференияға колледжіміздің әлеуметтік серіктестері ретінде 63 балабақша және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,  Білім беруді жаңғырту орталығы , Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебі, Л.Гумилев  атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті, Ақпараттық талдау орталығы, «Астаналық білім беру» кластері құрамындағы серіктес колледж өкілдері қатысты.