Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ақпарттық коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі

26.03.2019 жылы жауапты оқытушылар Дакен М, Рахметжанова Г, Иват Г,  Мутайхан М, Бердімұрат Айнұрдың ұйымдастыруымен   «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ақпарттық коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбы бойынша курстан кейінгі шеберлік сыныбы өткізілді.


Мақсаты: ҚР жаңартылған білім беру мазмұны идеяларын ТжКБ жүйесінде жүзеге асыруда  білім берудегі АКТ-ны қолданудың жаңаша әдістерін  көрсету арқылы педагог қызметкерлерге  әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелерін талдау, талқылау;
  • Ақпарттық коммуникациялық технологияны қолданудың жаңаша әдістерін көрсету;
  • Түрлі электрондық оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасау жолдарын үйрету.

    

Ресурстар: компьютерлер, ұялы телефон, интербелсенді тақта, бағдаламаларды оқыту әдіс-тәсілдеріне арналған нұсқаулықтар.

Қатысушылар: ҚМК «Білім беруді жаңғырту орталығы» әдіскерлері,  «Астаналық білім беру» кластері аясындағы серіктес колледж өкілдері, ТҚжБ ұйымдарының оқытушылары.