«Оқудағы және оқытудағы топтық ынтымақтастық» атты қалалық посткурстық семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 9- сәуірінде «Оқудағы және оқытудағы топтық ынтымақтастық» атты қалалық посткурстық  семинар өтті.

Семинарға «Астаналық білім беру» кластері құрамындағы серіктес колледждер өкілдері  мен ТжКББ оқытушылары қатысты.

Педагогика, психология және жеке әдістемелер кафедрасының оқытушылары Жалмагамбетова К.К. мен Хасенова А.А  семинарға қатысушыларға оқу үрдісіндегі топтық жұмыстың ерекшеліктерін тәжірибе түрінде таныстырды.