Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудағы жаңашылдық пен тәжірибені тарату, іс-тәжірибе алмасу

25.04.2019жылы «Астаналық білім беру» кластері аясында  «Заманауй тәрбиеші: талаптары мен мүмкіндіктері» тақырыбында МКҚК Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі бөлім оқытушылары және «Тұран-Профи» ҚШ колледжімен бірлескен қалалық семинар-практикум өткізілді.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудағы жаңашылдық пен тәжірибені тарату, іс-тәжірибе алмасу.

Семинар-практикумға Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Хасенова А.И., «Тұран-Профи» колледжінің әдіскері Махметова А.К., Сауда және экономика колледж директорының орынбасары Байсейітова К.Б., Заң колледжінің оқытушысы Хадыл А және  Гуманитарлық колледжі және «Тұран-Профи» колледжінің мектепке дейінгі бөлім оқытушылары мен студенттері қатысты.
Семинар барысында бес білім беру саласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері бойынша шеберлік сыныптары жүргізілді.