ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

6 қыркүйек күні Гуманитарлық колледжде І ауысымның 11:00 мен ІІ ауысымның 14:00 «ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің өкілі Абдрашова Айнур Еркинтаевна қатысты.

Сонымен қатар 81 топтың жетекшілері мен Қоғамдық пән бірлестігінің оқытушылары аталған іс-шараға белсенділік танытып, 1794 студентке өмірден алынған жағдаяттар мен адалдықтың мағынасын дәріптейтін мәліметтерді ашық түрде талқылады.