«Денсаулық фестивалі» іс-шарасы болып өтті

07.09.2019 жылы Астана саябағында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Астана саябағында «Денсаулық фестивалі» іс-шарасы болып өтті.

Бұл спорттақ шараға Гуманитарлық колледжден 1фвк тобы топ жетекшісі Г.Аймухановамен бірге қатысты. Түрлі спорттық шараларда студенттер өз бақтарын сынады (қашыққа жүгіру, қол күресі, кір көтеру, секіру).

Жүгіруден 1фвк тобының студенті Ислам Азамат жүлделі 1 орын алып, диплом мен бағалы сыйлықпен марапатталды.