Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық колледжінде президент жолдауының талқылауы өткізілді.

Жолдау – бұл мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. ҚР Ата заңына сәйкес Президент жыл сайын елдегі, Республиканың ішкі және сыртқы жағдайы туралы Қазақстан халқына жолдау арнауы тиіс. Мұнымен қатар Президент жолдауы алдағы жылға және орта мерізімді уақытқа мемлекеттің даму бағыттарын анықтап береді.

Биылғы Президент Жолдауы жаңа мемлекет басшысының бірінші жолдауы болып отыр. Қай азамат болмасын жыл сайынғы мемлекет басшысының Жолдауларынан өзінің мамандығына, атқарып жатқан қызметіне орай игі істердің бастамасын көруге асығады. Биылғы Жолдау да халықтың ойында жүрген, шешімін күткен мәселелерге арналып отыр деп айтуға болады.

2019 жылғы 11 қыркүйегінде   Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық колледжінде ҚР Президенті  Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  Жолдауының талқылауы болды.  Жолдауды талқылау дөнгелек үстел түрінде өткізілді. Қоғамдық пәндер бірлестігінің оқытушылары: Г.Х.Тажкеева,

Д.Сейдалықызы, М.Қазыгулова, М.Кенжебекова және Э.С.Қалыбековалар жолдауды талдай келе, Гуманитарлық колледж ұжымымен Жолдаудын негізгі аспектілеріне тоқталды.  Биылғы 2019 жыл қоғамдық саяси, әлеуметтік өзгерістерге толы болуымен ерекшеленіп отыр. Оқытушылар бұл Жолдауда халықтың әлеуетін көтеруге, мемлекеттің экономикалық қуатын арттыруға, ел бірлігі мен оның қауіпсіздігі сияқты келелі мәселелерді шешуге арналғанын атап өтіп, бұл бағыттар бойынша өте көп жұмыс күтіп тұрғанына тоқталды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Президент бастап, ел қостаса бұл аталған мәселелерді, сұрақтарды шешу, бұл шараларды жүзеге асыру қиын емес дей келе, Жолдауда айтылған мәселерге байланысты  оқытушылармен пікіралысты. Жолдаудың талқылауы, пікіралысуға ұласты.