«Оқыту бағдарламасын құру және сабақ беру дизайні» тақырыбында қалалық семинар өтті

14 қазан 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында «Астаналық білім беру» кластері жоспарына сәйкес «Оқыту бағдарламасын құру және сабақ беру дизайні» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: білім берудегі инновациялар арқылы оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету. Семинарда Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің STEM технологиясы ассоциациясының профессоры, РһD докторы Кэти Мэлоунның жұмысы ұсынылды. Сонымен қатар аталғаншараға Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері А.Асанбаев, Нұр-Сұлтан қаласы КММ «Білім беруді жаңғырту орталығы» өкілдері, «Астаналық білім беру кластері» серіктес колледж өкілдері және колледж оқытушылары қатысты.