ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің гуманитарлық колледжінде 17.10.2019 жылы сағат 1100 студенттер бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбында адалдық сағаты болып өтті.

Іс-шараны өткізуге қоғамдық пәндер оқытушыларымен бірге  «Уолл стрит инвест партнерс» компаниясының өкілі  С.Б.Батырбеков,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мемлекет тарихы және құқық теориясы, конституциялық құқық кафедрасының  доценті, заң ғылымдарының кандидаты, Нұр отан партиясының өкілі С.С.Капсалямова,  Астана қалалық коммунистік халықтық партиясының өкілі,  қоғамдық депутат көмекшісі Ислам Еркінұлы қатысты.

Колледж студенттерін қамтыған бұл іс-шарада  сыбайлас жемқорлықпен күресу  қоғамдағы  негізгі мәселе екендігіне тоқтала келе, онымен күресу, болдырмау, алдын-алу шаралары айтылды. Студентермен пікіралысып, талқыланды.  Адалдық, әділдік құндылықтарын студент бойына сіңіру   қазақ ойшылдарының даналыққа толы қанатты сөздері арқылы  жүзеге асырылды. Іс-шара өз деңгейінде өтті.