Lesson Study жұмысын жүргізуі бойынша оқу семинары өтті

23 қазан 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «Астаналық білім беру» кластері жоспарына сәйкес серіктес колледж оқытушыларына арналған мектепке дейінгі тәрбие мамандарының  Lesson Study жұмысын жүргізуі бойынша оқу семинары өтті.

Семинар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі №33 «Алтын дән» МКҚК бала бақша базасында жүргізілді. Аталған  шараға  қаладағы балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері, «Астаналық білім беру кластері» серіктес колледж өкілдері және колледж оқытушылары, студенттер қатысты.