«ПЕДАГОГИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС

23 қазанда елордалық №32 мектеп-гимназиясында «Педагогикалық идеялардың панорамы — 2019» бейне сабақтары мен бейне дәрістердің Республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты — заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде мұғалімдердің ақпараттық, коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 90-нан астам мұғалімдері қатысты, олар 94 бейнероликті ұсынды. Қалалық кезеңнің нәтижелері бойынша 1, 2 және 3 жүлде алған 45 мұғалім жеңімпаз деп танылды.

«Арнайы пәндер оқытушылары» номинациясы бойынша 3 орын — Кайсаева Гүлбақыт Айтмұхамедқызы марапатталды.