ТжКББ ұйымдарының басшылары мен оқытушыларына арналған қалалық семинары

29 қазан 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен  «Өзін — өзі тану» рухани — адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері» тақырыбында ТжКББ ұйымдарының басшылары мен оқытушыларына арналған қалалық семинар өтті.

Семинарға Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы өкілдері, Білім беруді жаңғырту орталығы өкілдері, 60-тан астам  қала колледждерінің басшылары мен оқытушылары  қатысты. Іс-шараның мақсаты: «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы негізінде студенттердің үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін оқыту және тәрбиелеу жүйесінің жұмыс істеу тәжірибесін трансляциялау.

 

Семинарда колледж басшыларына арнайы ұйымдастырлған жоспар бойынша «Өзіңді таны!» экспресс тестілеу жұмысы, аффирмация тарату , блиц сұрақтарға жауап беру, бейнероликтер көрсету және пікірлесу жұмыстары жүргізілсе, оқытушыларға арналған қазақ және орыс тілдерінде «Өзін-өзі тану» пәнінен және «Өзін-өзі тану»РАББ бағдарламасын кіріктіруге байланысты ашық сабақтар көрсетілді. Семинар соңында оқытушылар талдау жұмыстарын жүргізіп, сұрақтар қойды, пікір алысты.