Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев күніне арналған көшбасшылық сабағы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің гуманитарлық колледжінде 29.11.2019 жылы сағат 9.00 студенттерге Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекет үшін жасаған игі шаралары туралы пікіралысу және Елбасы бойындағы игі қасиеттерді студенттер бойына қалыптастыру мақсатында «Елбасы — руханият тірегі» тақырыбында көшбасшылық тәрбие сағаты болып өтті.

Іс-шараны өткізуге қоғамдық пәндер оқытушыларымен бірге «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалының белсендісі Ө.А.Нұрланұлы қатысты.  Колледж студенттерін қамтыған бұл іс-шарада  Елбасының ел дамуына қосқан үлесі, мемлекетіміздің көркейіп, тұрақтануындағы  жасаған игі шаралары айтылды. Студентермен пікіралысып, талқыланды.  Елбасы бойындағы адалдық, әділдік құндылықтарын студент бойына сіңіру  мақсатында әлем елдерінің көшбасшыларыларының Н.Ә.Назарбаев жайлы айтқан пікірлері айтылды. Іс-шара өз деңгейінде өтті.