«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

2019 жылы 11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күніне Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» әдіскерлері, ТжКББ мекемелерінің оқытушылары және «Астаналық білім беру» кластерінің өкілі Жанар Бақытжанқызы Егеубаева қатысты. Аталмыш шараның мақсаты: колледж оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату, біліктілікті арттыру бойынша педагогикалық қызметкерлердің жұмыстарын ынталандыру.


Міндеттері: заманауи білім беретін технологияларды қолдана отырып, студенттердің білім сапасын арттыру;
Колледждің «Ашық есік» күнінде 15 оқытушы сабақ жүргізді. Сабақ мазмұны – оқытудың жаңа технологияларына негізделіп, жаңартылған білім мазмұнының элементтері қолданылды. Қазіргі заманауи сабақты көрсете отырып, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тәрбие бағытына байланысты сабақтың белгілі кезеңдерін «Өзін-өзі тану» пәнімен кірістірілген түрде көрсете білді. Ашық есік күнінде өткізілген сабақтар қатысушылар мен эксперттер тарапынан қолданып, жоғары дәрежеде бағаланды.