«Lesson Study- оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі» атты қалалық семинар

22 қараша күні 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «Астаналық білім беру» кластері жоспарына сәйкес, 67 мектеп базасында  әлеуметтік серіктес мектептер мен балабақшалардың ұйымдастыруымен «Lesson Study- оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі» тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: оқыту үрдісі арқылы оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруге, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсілді тәжірибеде тиімді қолдану. Аталған  шараға  Білім беруді жаңғырту орталығы мамандары, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мамандары, қаладағы балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері, «Астаналық білім беру кластері» серіктес колледж өкілдері және колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.