«Сәби» қоғамдық қайырымдылық қорының балаларына жаңа жылдық көңіл күй сыйлады

Нұр-Сұлтан қаласының Гуманитарлық колледжі биыл да дәстүрлі түрде «Сәби» қоғамдық қайырымдылық қорының балаларына жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Шара «Жаңа жылдық тосын сый» атауымен балаларды қуанышқа бөледі. Аяз ата, Ақшақар, колледж студенттері, сондай-ақ, шара ұйымдастырушыларының дайындаған тосын сыйлары ерекше әсер қалдырды.


Мереке аясында «Сәби» үйінің балары да өз тосын сыйларымен бөлісті. Ән шырқап, жаңа жылдық тақпақтарын айтты. Тосын сыйдың жалғасын Аяз ата мен Ақшақар да жалғап, балаларға сыйлықтар табыстады.


Шара соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қартаева Тоғжан Жанбаевна келген қонақтарға алғысын білдіріп, жаңа жылдарымен құттықтады. Өз кезегінде балалардың ата-аналары мен тәрбиешілері колледж ұжымына шексіз алғыстарын жеткізді!