«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» атты XIII қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

23 қаңтар 2020 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «Астаналық білім беру» кластері жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» атты  XIII қалалық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің, Назарбаев зияткерлік мектебі педагогикалық шеберлік орталығының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің КММ «Білім беруді жаңғырту орталығының» өкілдері, қалалық балабақша меңгерушілері мен мектепке дейінгі ұйым педагогтары, әлеуметтік серіктестер және колледж оқытушылары қатысты.

Конференцияның  мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби біліктіліктерін  арттыруда әлеуметтік серіктестер мен кадрлар даярлайтын Гуманитарлық колледж педагогтарының арасында  тәжірибе алмасу және байланыс орнату.

Міндеттері: Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру; мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру үдерісіне  Lesson study енгізу.

Конференцияға қатысуға  колледждерден, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен, шағын орталықтардан 241 өтініш түсіп, оның 113-і  іштей, ал 128-зі сырттай қатысты. Колледждің 1-қабатында Елордадағы мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың заманауи көрнекі құралдарынан көрме ұйымдастырылды.

Конференцияның  пленарлық отырысында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директорының міндетін атқарушы Р.Ж.Базарбаеваның, Назарбаев зияткерлік мектебі педагогикалық шеберлік орталығының тренері  К.А. Күзембаеваның, №75 «Балалық шақ» балабақшасының меңгерушісі А.Н. Нурмаганбетованың және №78 «Асыл» балабақшасының инновациялық әдіскері М.С. Битебаеваның, колледж оқытушысы Л.М.Макаренконың жұмыстары ұсынылып тыңдалды.

Оқу орны үшін тағы бір тарихи сәттің куәсі болдық. Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖШС «Интеллектум» қосымша білім беру» орталығымен екі жақты меморандумға отырып, орталық  өз тарапынан демеушілік жасап «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ресурстық орталығына  заманауи көрнекі-құралдар жабдықтарын  сыйға тартты.

3 қабатта «Мектепке дейінгі ресурстық орталықтың ашылу» тұсаукесері  салтанатты түрде ашылды.

Конференция жұмысы 4 бағытта 6 секция жұмысымен жалғасын тапты. 1- секция «Білім беру ұйымдарда Lesson study және инновациялық тәсілдерін енгізудің жолдары», 2-секция «Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы мәселелері», 3-секция «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді дамыту» және 4-секция «Балабақшалар арасында ұйымдастырылатын кластерлердің тиімділігі»  бағыттарында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бүгінгі күндегі проблемалар мен оларды шешу жолдарын іздестірді, пікір алысты, тәжірибе алмасты. Конференция жоспарлы түрде жоғары дәрежеде өтті.