«Астаналық білім беру» кластері аясында ТжКББ педагогтарының қалалық семинар өтті

21 ақпан 2020 жылы «Астаналық білім беру» кластері аясында «Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі» ЖШС «Аударма ісі» мамандығы бойынша студенттердің сабақ барысында оқу жетістіктерін бағалау критерийі» тақырыбындағы ТжКББ педагогтарының қалалық семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Гуманитарлық колледждің оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Политехникалық колледжі, «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС және «Еуразия гуманитарлық институтының колледж» ЖШС оқытушылары пікірлерін білдірді. Семинарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беру беруді жаңғырту орталығы» әдіскері Маншук Марат қорытындылады.