«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының Онкүндігі аясында ұйымдастырылған Республикалық онлайн семинар

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Гуманитарлық  колледжі МКҚК 2020 жылдың 15 қазанында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының Онкүндігі аясында «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР» атты республикалық онлайн-семинар өткізді.

Онлайн -семинар  Google Meet форматында өтті. Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының кәсіби біліктіліктерін  арттыруда әлеуметтік серіктестер мен кадрлар даярлайтын гуманитарлық колледж педагогтарының арасында  жаңартылған білім беру бағдарламасы мен инновациялық үрдістер бойынша тәжірибе алмасу.

Семинарға БжҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ерманова М.Н., Абай атындағы ҚазҰПУ, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Қыяқбаева Ұ.Қ., кафедра доценті, п.ғ.к., Толешова У. Б., аға оқытушысы, п.ғ.м.,  Аувакир Болот, PhD докторанты Еркебаева С.Ж., М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Керимбаева Р.К., Нұр-Сұлтан қаласы мектепке дейінгі ұйымдарының өкілдері, №7 «Аққу» балабақшасының жоғарғы санатты тәрбиешісі Мукажанова Г.К., колледж оқытушылары мен 4 курс студенттері қатысты. Барлығы 101 адам қатысты. Республикалық онлайн семинарда барлық қатысушылардың баяндамалары тыңдалды, баяндамада айтылған мектепке дейінгі жаңартылған білім беру мазмұны мен жаңа педагогикалық үрдістер бойынша тыңдаушылар қызуғушылық танытты, сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Мектепке дейінгі білім беру саласының мамандарының арасында тәжірибе алмасу болды. Республикалық онлайн семинар жоғары дәрежеде өтті.

 

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылу салтанатынан

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Гуманитарлық колледжде» 03 ақпан күні салтанатты түрде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Подробнее

«Оқыту бағдарламасын құру және сабақ беру дизайні» тақырыбында қалалық семинар өтті

14 қазан 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында «Астаналық білім беру» кластері жоспарына сәйкес «Оқыту бағдарламасын құру және сабақ беру дизайні» тақырыбында қалалық семинар өтті. Подробнее