Жастар және ғылым. Инновация. Ой. Ізденіс

2016 жылдың 13 сәуірінде дәстүрлі кәсіптік және техникалық оқу орындары студенттерінің «Жастар және ғылым. Инновация. Ой. Ізденіс» атты ХIV қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Астана қаласының 13 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінен 122 студент қатысты.

Конференция жұмысына Қазақ Гуманитарлық Заң университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессор-оқытушылары, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхана өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары ғылыми қолдау көрсетті.