Талапкер 2020
Колледж туралы
Студенттерге
Түлектерге

Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданың өткізілуі туралы АҚПАРАТ

Астана қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 23 ақпанында Гуманитарлық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық пәндік олимпиада өтті. Подробнее

Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу лездемесі жайлы ақпарат.
2017 жылдың 02 ақпанында Астана қаласы Білім басқармасы Гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Шығармашылық форматта өткен салтанатты лездемеге барлық мамандықтар бойынша 1,2,3 курс студенттері қатысты.Оқытушылар, «Өзін-өзі тану» шығармашылық тобының мүшелері А. Хасенова, Ж. Таукен, Г. Күндебекова белсенділік танытты. Подробнее

2016-2017 оқу жылында кәсіптік практикадағы жетістіктер

Практика барысында білім беріп,  тәрбиелеуге қосқан кәсіби шеберліктері үшін алғыс хатпен колледж мұғалімдері және студенттері марапатталды.

  • Мектепке дейінгі мекеме -18;
  • Мектеп — 9
  • Астана қаласы «АРМАН» спорттық — сауықтыру лагері — 40;

Подробнее

К. Дүйсекеевпен кездесу өтті

2016 ж. 23 желтоқсанында гуманитарлық колледжінің студенттері «Саздық білім беру» мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының атақты композиторы К. Дүйсекеевпен кездесулері өтті. Кездесу барысында аталған мамандықтың студенттері композитордың әндерін шырқады, композитормен сұхбат жүргізілді, ол өзінің  шығармашылығы туралы әңгімеледі. Кездесу қызықты да мағыналы өтті. Подробнее

Студенттер «Баланың мектептегі алғашқы күндері» атты байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өтті

2016 жылдың 1-8 қыркүйек аралығында гуманитарлық колледждің 4ка, 4кб, 4ша, 4шб, 213ка, 213кб, 213кд, 213ра, 214к, 214пк топтарының студенттері «Баланың мектептегі алғашқы күндері» атты байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өтті. Баланың мектептегі алғашқы күндері бала өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Бүгінгі түлектер — ертеңгі болашақ ұстаздар. Подробнее

1 30 31 32 33