ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы бойынша талқылау

2017 жылдың 31 қаңтар күні, Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлеріне ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жолдауын талқылау бойынша Астана қаласының Мәслихат депутаты Аюпов Аман Бляловичтің  қатысуымен жиналыс өткізілді. Ашу

Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданың өткізілуі туралы АҚПАРАТ

Астана қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 23 ақпанында Гуманитарлық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық пәндік олимпиада өтті. Ашу

Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу лездемесі жайлы ақпарат.
2017 жылдың 02 ақпанында Астана қаласы Білім басқармасы Гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Шығармашылық форматта өткен салтанатты лездемеге барлық мамандықтар бойынша 1,2,3 курс студенттері қатысты.Оқытушылар, «Өзін-өзі тану» шығармашылық тобының мүшелері А. Хасенова, Ж. Таукен, Г. Күндебекова белсенділік танытты. Ашу

2016-2017 оқу жылында кәсіптік практикадағы жетістіктер

Практика барысында білім беріп,  тәрбиелеуге қосқан кәсіби шеберліктері үшін алғыс хатпен колледж мұғалімдері және студенттері марапатталды.

  • Мектепке дейінгі мекеме -18;
  • Мектеп — 9
  • Астана қаласы «АРМАН» спорттық — сауықтыру лагері — 40;

Ашу

К. Дүйсекеевпен кездесу өтті

2016 ж. 23 желтоқсанында гуманитарлық колледжінің студенттері «Саздық білім беру» мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының атақты композиторы К. Дүйсекеевпен кездесулері өтті. Кездесу барысында аталған мамандықтың студенттері композитордың әндерін шырқады, композитормен сұхбат жүргізілді, ол өзінің  шығармашылығы туралы әңгімеледі. Кездесу қызықты да мағыналы өтті. Ашу

Студенттер «Баланың мектептегі алғашқы күндері» атты байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өтті

2016 жылдың 1-8 қыркүйек аралығында гуманитарлық колледждің 4ка, 4кб, 4ша, 4шб, 213ка, 213кб, 213кд, 213ра, 214к, 214пк топтарының студенттері «Баланың мектептегі алғашқы күндері» атты байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өтті. Баланың мектептегі алғашқы күндері бала өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Бүгінгі түлектер — ертеңгі болашақ ұстаздар. Ашу

Астана қаласы гуманитарлық колледжі

2016 жылдың 01 қыркүйегінде Астана қаласы гуманитарлық колледждінде Білім күні мерекесі атап өткізілді. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналды. Сонымен қатар барлық топтарда «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сағаттары өтті.
Ашу

1 17 18 19 20