Талапкерлерге Студенттерге Түлектерге Қызметкерлерге

«ЕҢ ҮЗДІК АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ-2017»

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017  жылдың мамыр айында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «ЕҢ ҮЗДІК  АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ-2017» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің оқытушысы Кожахметова Раушан Тоқтаровна қатысты.  Кожахметова Р.Т. өзінің озық педагогикалық шеберлігін, жаңа білімдегі технологияларды тиімді қолдану әдістерін, студенттермен ұжымдық жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын жан-жақты көрсете білді. Сайысқа қатысушылардың арасынан ерекше көзге түсіп, көрермендердің ілтипатына ие болды.  Сайыстың қорытындысы бойынша  Астана қаласы Білім басқармасының III дәрежелі дипломы және 340 000 тг сертификатпен марапатталды.

 

Педагогикалық кеңес

2017 жылдың 15 мамырында колледжде “Топтардың тәрбие жүйесін модельдеу және құру арқылы студенттерді тәрбиелеу үрдісін жетілдіру” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. “Топтардың тәрбие жүйесін модельдеу және құру арқылы студенттерді тәрбиелеу үрдісін жетілдіру”;
  2. «Өзін – өзі тану» РАББ бағдарламасын жүзеге асыру жағдайындағы шығармашылық педагогикалық іс – әрекет;
  3. Қауіпсіздік техника ережелерінің сақталуы.

Педагогикалық кеңес интерактивті режимде өтті.

Топтардың тәрбие жүйесін модельдеу және құру арқылы студенттерді тәрбиелеу үрдісін жетілдіру

2017 жылдың 15 мамырында колледжде “Топтардың тәрбие жүйесін модельдеу және құру арқылы студенттерді тәрбиелеу үрдісін жетілдіру” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. “Топтардың тәрбие жүйесін модельдеу және құру арқылы студенттерді тәрбиелеу үрдісін жетілдіру”;
  2. «Өзін – өзі тану» РАББ бағдарламасын жүзеге асыру жағдайындағы шығармашылық педагогикалық іс – әрекет;
  3. Қауіпсіздік техника ережелерінің сақталуы.

Педагогикалық кеңес интерактивті режимде өтті.

«Ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өтті

2017 жылдың 19 мамырында СӨС орталығының гинеколог маманы А.Курмангалиевамен «Ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға  1-2 курс студенттері (тек қыз балалар) қатысты. Қатысушылар саны 200. Ашу

Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Ең үздік жеке пәндер оқытушысы — 2017 » қалалық байқауға қатысу.

Астана қаласы Білім Басқармасының жоспарына сәйкес 18-мамыр күні Астана қаласының техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Ең үздік жеке пәндер оқытушысы — 2017» байқауының финалы өтті.  Ашу

1 19 20 21 22 23 27