2017 жылдың 15 мамырында колледжде “Топтардың тәрбие жүйесін модельдеу және құру арқылы студенттерді тәрбиелеу үрдісін жетілдіру” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:
- “Топтардың тәрбие жүйесін модельдеу және құру арқылы студенттерді тәрбиелеу үрдісін жетілдіру”;
- «Өзін – өзі тану» РАББ бағдарламасын жүзеге асыру жағдайындағы шығармашылық педагогикалық іс – әрекет;
- Қауіпсіздік техника ережелерінің сақталуы.
Педагогикалық кеңес интерактивті режимде өтті.