20-сыншы маусымда сағат 9:00 қабылдау бөлімі өз жұмысын бастады. Қабылдау комиссиясының ашылуына түлектер және олардың ата-аналары, қабылдау комиссиясының мүшелері және жұмысшылар қатысты.

20-сыншы маусымда сағат 9:00 қабылдау бөлімі өз жұмысын бастады. Қабылдау комиссиясының ашылуына түлектер және олардың ата-аналары, қабылдау комиссиясының мүшелері және жұмысшылар қатысты.
2017 жылдың 19 маусымынан бастап колледжде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсты «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері өткізуде. Курста 25 оқытушы біліктілігін арттыруда.
15 маусым 2017 жыл Астана қаласы Гуманитарлық колледжінде сырттай оқу бөлімінде диплом тапсыру рәсімі өтті. Төмендегі мамандықтар бойынша 135 студентке диплом тапсырылды.
0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 44 студент;
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 56 студент;
0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 35 студент.
Оқуды 14 студент «Үздік» дипломмен аяқтады.
Кәсіби қызметтеріңізге табыс тілейміз!
2017 жылдың 14 маусым күні колледжде мамандандырылған аккредитация аясында ішкі аудит бағдарламасы бойынша семинар өтті, оған әкімшілік мүшелері, бөлім меңгерушілері, әдістемелік бірлестік мүшелері қатысты. Семинарды ББСҚТҚА аудит және колледждердің аккредиттаудан кейінгі мониторингі бөлімінің бастығы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Джигитчеева Карлыгаш Мухареденовна өткізді.
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың мамыр айында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «ЕҢ ҮЗДІК АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ-2017» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің оқытушысы Кожахметова Раушан Тоқтаровна қатысты. Кожахметова Р.Т. өзінің озық педагогикалық шеберлігін, жаңа білімдегі технологияларды тиімді қолдану әдістерін, студенттермен ұжымдық жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын жан-жақты көрсете білді. Сайысқа қатысушылардың арасынан ерекше көзге түсіп, көрермендердің ілтипатына ие болды. Сайыстың қорытындысы бойынша Астана қаласы Білім басқармасының III дәрежелі дипломы және 340 000 тг сертификатпен марапатталды.
25.05.2017 ж. Гуманитарлық колледжінің сахнасында. Композитор К.Бекпаевтың творчествалық лекция концерті өтті. Бұл концертте Гуманитарлық колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты. Ашу