Білім күніне арналған салтанатты лездеме

Білім күніне арналған салтанатты лездеме 02.09.2017

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласының Гуманитарлық колледжінде дәстүрлі жаңа оқу жылын бастайтын «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты лездеме болды!
Салтанатты жиынға 2017 — 2018 оқу жылына қабылданған 400-ден астам талапкерлер, ата-

аналар, қонақтар қатысты. Мерекелік іс шара Қазақстан Республикасының ән ұранымен ашылып, әнмен жалғасын тапты. Мереке жүргізушілері студенттерге өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру мақсатында өткізіліп жатқан жиынның маңыздылығына тоқталып өтті. Құттықтау сөзін алған колледж директоры студенттерге, ақ жол тілеп, студенттерге жаңа оқу жылында табыстар тіледі. Ол колледжге қабылданған студенттер біздің салтанатты дәстүрлерімізді жалғастыра алатынына және колледждің жетістіктері мен жеңістерімен мақтан тұтарына сенім білдіріп, ата-аналарға алғысын білдірді.
Қонақтар мен бірінші курс студенттеріне 4 курс студенттері музыкалық сыйлық жасап колледж әнұранымен салтанатты мереке өз мәресіне жетті.
Лездеме аяқталғаннан кейін, барлық студенттер колледждің дәрісханаларына кураторларымен «ЭКСПО-2017» тақырыбы аясында тәрбие сағатын өткізді. Колледж директоры Жүсіпов Әділхан Шаймағамбетұлы бірінші курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

1 курс студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!