28-30 наурыз күндері Гуманитарлық колледжде білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық орнатылған Беларусь Республикасы Лида қаласы «Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің» білім беру мекемесі Лидский колледжінің делегациясы болды. Үш күндік бағдарлама маңызды іс-шараларды қамтыды. Қонақтар аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына, оқу сабақтарына қатысты, практика базасы №54 «Нұр-ай» балабақшасын, №76 мектеп-лицейін, Гуманитарлық колледждің «Педагогикалық шеберлік», «Ғибрат» ғылыми-әдістемелік орталығын аралап, студенттермен кездесті. Лидский колледжінен келген әріптестеріміз филология ғылымдарының кндидаты, бірінші санатты оқытушы Митюкова Е.А., экономика ғылымдарының магистры, жоғары санатты оқытушы, әдіскер Утова А.В. аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасап, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, қаладағы политехникалық колледж оқытушыларымен кездесулер және экскурсиялар ұйымдастырылды. Делегацияның іс-сапары қонақтар мен колледж оқытушыларының іс-шаралардан алған әсерлерімен бөліскен және жаңа бірлескен жобаларды құрудағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланған дөңгелек үстелмен аяқталды.