«31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні»

Қазақстанның мәдени мұрасымен танысу мақсатында «31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» қарсаңында 2018 жылдың 17 мамын күні тарих пәнінің оқытушылары Д.Сейдалықызы, М.Б.Кенжебекова, Э.Т.Какенованың жетекшілігімен «Бастауыш білім беру» мамандығының І курс  студенттерімен  «Алжир» мемориалдық-мұражай кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Музейдің экскурсиялық  бағыттаушылары студенттерді сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырымен таныстырды. Студенттер «АЛЖИР» тұтқындарының өмірімен, жазықсыз жазалау, өмір сүру жағдайлары, азаптау камерасымен танысты. Студенттерді  экспонаттар, музей материалдары: суреттер, сызбалар, карталар, тұтқындау мен ату үшін құжаттардың көшірмелері, ескі өмір салты, қазақ халқының жаппай қуғын-сүргінге қарсы күрестің қарулары қатты таң қалдырды.

Қорытынды бөлімде студенттерге «АЛЖИР тұтқыны» атты деректі фильм көрсетілді. Фильмде сол жылдардағы әйел тұтқындар мен олардың балалары бастарынан өткізген оқиғалары туралы баяндалды.