«Үздік педагог-2018»

16 мамыр  2018 жылы Оқушылар сарайында Астана қалалық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары оқытушылары қатысқан «Үздік педагог-2018» конкурсының қорытынды кезеңі мәреге жетті. Педагогтардың шығармашылық жұмыстары, кәсіби жетістіктері мен тәрбиеленушілердің жеңістері сарапқа салынды.

Конкурс қорытындысы бойынша Астана  қаласының Гуманитарлық колледжінің педагогика және психология пәні оқытушысы Тәукен Жанар Елубаевна  бас жүлдені жеңіп алды.

Колледж ұжымы,студенттер мен қызметкерлері Жанар Елубаевнаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңа шығармашылық жеңіс,толағай табыстар тілейді.