«Сабақты зерттеу (Lesson Study): Қазақстан мектептерінің тәжірибесі»

2018 жылдың 18 мамыр күні Гуманитарлық колледж оқытушылары «Сабақты зерттеу (Lesson Study): Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Оқытушы Н.А.Балабекова сабақты зерттеудегі колледж тәжірибесі туралы «Гуманитарлық колледжде сабақты зерттеуді жүзеге асыру моделі» тақырыбында баяндама жасады. Пленарлық отырыста Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері, Назарбаев университетінің оқытушылары, экономикалық лицей директоры тындалды.