20.03.2019 жылы Гуманитарлық колледжіде ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін сән-салтанатымен атап өтті. Мерекелік шарада киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, ұлттық ойын-сауықтар жүргізіліп, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері мен ас мәсірлері көпшілік назарына ұсынылды.




Жаңару мен жаңғырудың құтты бастауына Қыдыр ата ақ батасын беріп, сахналық көрсетілім қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен көнеден келе жатқан ұлттық қолөнер көрсетілді. Концерттік бағдарлама барысында колледжінің ансамбльі талантты өнер көрсетіп ән-күйлерімен жалғастырды. Алтыбақан тебу, арқан тарту, кір көтеру сияқты ойын-сауықтармен жалғасын тапты.