29 қазан 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «Өзін — өзі тану» рухани — адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері» тақырыбында ТжКББ ұйымдарының басшылары мен оқытушыларына арналған қалалық семинар өтті.
Семинарға Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы өкілдері, Білім беруді жаңғырту орталығы өкілдері, 60-тан астам қала колледждерінің басшылары мен оқытушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы негізінде студенттердің үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін оқыту және тәрбиелеу жүйесінің жұмыс істеу тәжірибесін трансляциялау.
Семинарда колледж басшыларына арнайы ұйымдастырлған жоспар бойынша «Өзіңді таны!» экспресс тестілеу жұмысы, аффирмация тарату , блиц сұрақтарға жауап беру, бейнероликтер көрсету және пікірлесу жұмыстары жүргізілсе, оқытушыларға арналған қазақ және орыс тілдерінде «Өзін-өзі тану» пәнінен және «Өзін-өзі тану»РАББ бағдарламасын кіріктіруге байланысты ашық сабақтар көрсетілді. Семинар соңында оқытушылар талдау жұмыстарын жүргізіп, сұрақтар қойды, пікір алысты.