«Кел, Наурыз, бірлігі бекем еліме, берекелі жеріме!»
Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі — Көрісу күні.
Бұл күнді Гуманитарлық колледж ұжымы мен студенттері Наурыз мейрамының ашылу салтанатына «Кел, Наурыз, бірлігі бекем еліме, берекелі жеріме!» атты музыкалық әдеби – композициялық қойылым қойды, «Наурызнама» — қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарын өткізді, «Дастархан мерейі» Наурыз жәрмеңкесі, ұлттық сәнді – қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі, алтыбақан маңында жастар айтысы, сахналық көріністер: «Әжелер ауылы», «Инабатты қыздар ауылы», «Жігерлі жігіттер ауылы», «Өнегелі жастар ауылы» қойды, «Наурыз көже – ұлттық ас» — көпшілікке наурыз көже, бауырсақ, палау таратылды, «Наурыз – дастарханы» оқытушылардың мерекелік дастарханы жайылды.
Мерекелік құттықтау сөздер айтылып, Наурыз мерекесін тойлау басталды, мерекелеу кестесі 1 аптаға белгіленді, жоспар ішінде:
- Ұлттық спорт ойындары күні,
- Тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен колледжішілік жарыс.
- Ұлттық биден көпшілік флешмобы.
- Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаттары.
- Ұлттық ойындар бойынша бөлімдер арасында жарыс.
- «Наурыздың ақша қарындай» — дәстүрлі сұлулық сайысы.